Skip to content

АРХИВ_ТЫНЫСЫ «Е-Архив» АЖ 2026 жылғы 25 маусымда «Шымкент қалалық мемлекеттік…

АРХИВ_ТЫНЫСЫ

«Е-Архив» АЖ

2026 жылғы 25 маусымда «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б. Шыңғысбекова, бөлімінің маманы Д. Абдулаева «Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты» КММ «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті»РММ, қызметкерлеріне «Е-Архив» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүйе үкіметтік порталға түсуіне байланысты уақытша тоқтатылған еді, қазіргі таңда мердігер ұйым айқындалып, «Е-Архив» жүйесінің қайта іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жауапты мамандардың ауысуына байланысты жүйеге қайта қол жеткізу үшін логинь мен пароль қалыптастыру тәртібі түсіндірілді.