АРХИВ_ТЫНЫСЫ
«Е-Архив» АЖ
2026 жылғы 25 маусымда «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің маманы А.Абдрасилова «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ қызметкерлеріне «Е-Архив» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүйе үкіметтік порталға түсуіне байланысты уақытша тоқтатылған еді, қазіргі таңда мердігер ұйым айқындалып, «Е-Архив» жүйесінің қайта іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жауапты мамандардың ауысуына байланысты жүйеге қайта қол жеткізу үшін логинь мен пароль қалыптастыру тәртібі түсіндірілді.
KZ

