Skip to content

2026 жылғы 11 маусымда «Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті»…

2026 жылғы 11 маусымда «Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті» мекемесінде «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б. Шыңғысбекова практикалық-әдістемелік кеңес өткізді.
⚜️ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ құжат айналымын ұйымдастыру, істерді қалыптастыру мен ресімдеу, сараптау комиссиясының жұмысын жүргізу, құжаттарды ведомстволық архивке өткізу тәртібі, құжаттарға сараптама жасау, істер тізімдемесін әзірлеу, тарихи анықтамалар мен жою актілерін рәсімдеу, архив құжаттарын пайдалану және олардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат беріп, мамандарға практикалық-әдістемелік көмек көрсетілді.