IX Халықаралық Жас архившілердің Жазғы мектебі
• Қазақстан Республикасының Президентінің Архиві Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен 2026 жылғы 8-12 маусым аралығында Астана қаласында IX Халықаралық Жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III Архившілер конгресі қатар өтуде.
• Аталған іс-шараға Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің мамандары А.Жақсыбаева мен Д. Абдуллаева қатысуда.
• Жазғы мектептің негізгі тақырыбы: «Архивтердің ақпараттық архитектурасы: цифрлық шешімдердің жаңа модельдері»
• 8-9 маусым күндері «Мемлекетті цифрлық трансформациялау жағдайында құжаттар мен архивтерді басқару» тақырыбында Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор М.В.Ларин, «Ұйым архивінің жұмыс әдістемесі» профессор, т.ғ.д. доцент Н.Г.Суровцева, «Өзбекстан архивтеріндегі цифрлық шешімдердің жаңа модельдері: кино-фото-фоноқұжаттардың порталы» «Өзархив» агенттігі директорының кеңесшісі А.О.Алиев және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары лекция өтті, сондай-ақ «Архивтер және AI: құралдары мен болашақ стратегиялары» тақырыбында №1 сессия өтуде.
• Жазғы мектеп аясында қатысушылар өздерінің архив ісі, цифрлық трансформация жағдайында архивтік ақпаратты тиімді басқару, сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ететін архивтердің ақпараттық архитектурасының заманауи модельдерін қалыптастыру қажеттілігі бойынша білімдерін жетілдіріп, халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болуда.
KZ


