⚜️Құрметке бөленген ғұмыр иесі!!!
⚜️Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жеке тектік қор құрушысы ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Түркістан облысының Құрметті азаматы», «Төлеби ауданының Құрметті азаматы», «Шымкент қаласының Құрметті азаматы», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, «Алтын жүрек» номинациясының иегері, экономика ғылымдарының докторы — Қуашбай Саттарұлын бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
⚜️Саналы ғұмырыңызды ел игілігіне, ғылым мен білім саласының дамуына арнап келе жатқан еңбегіңіз – өскелең ұрпаққа үлкен өнеге. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, азаматтық ұстанымыныңыз әрдайым зор құрметке лайық.
⚜️Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
⚜️Халықтың ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз!
Ізгі тілекпен,
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві ұжымы.
KZ