Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ 📖Республикалық форум 🏛️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
📖Республикалық форум
🏛️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында 2026 жылы 19-21 мамырда – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай еліміздің мәдениет қызметкерлері мен шығармашылық сала өкілдерінің қатысуымен ауқымды «Мәдениет және инновация» Республикалық форумы өтуде.
🔹Қазмедиа орталығы, форумның салтанатты ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ж. Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, ауқымды шараның маңыздылығын атап өткен болса, Miss Min Jinbang (Henan) Cultural Tourism Development компаниясының төрағасы, креативті индустриялар саласындағы продюсер және стратег, өнер, технология және бизнес тоғысындағы мәдени кеңістіктердің авторы (Қытай) «Мәдени кодтың күші: тарихтың иммерсивті жобалар арқылы бизнеске айналуы» бойынша баяндады.
🔹Сондай-ақ, аталған іс-шара аясында музей, кітапхана, архив ісі, театр, музыка, мәдениет үйлері мен мәдени демалыс ұйымдары салалары басшылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинарлар, тренингтер және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылуда.
📚Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің мамандары Ж.Жаркимбаева мен А.Рахымбердиева архив ісі бағыты бойынша біліктілікті арттыруға арналған семинарларға, тренингтерге қатысып, «Архивтерді цифрландыру және ақпаратқа тиімді қолжетімділік», «Цифрлық трансформация жағдайында мәдени мұраны сақтау: ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің тәжірибесі», «Цифрлық трансформация жағдайында архив ісінің дамуы: мәдени мұраны сақтаудың жаңа мүмкіндіктері», «Жасанды интеллект дәуіріндегі жабық деректердің құндылығы» бойынша дәріс алды.