Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ 🇰🇿«Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» мерекелік іс-шарасы Тыл ардагері -…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
🇰🇿«Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» мерекелік іс-шарасы
Тыл ардагері – Жүзбай Қырғызбаев атамызбен кездесу

📖2026 жылы 5 мамырда Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жоспарына сәйкес, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Тыл ардагері, студенттер, архив мамандары қатысуымен «Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» атты мерекелік іс-шара өткізді.
📚Ұлы Отан соғысы жылдары еңбек майданында Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан Тыл ардагері, «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің профессоры – Жүзбай Қырғызбаев есте қалар естеліктерін әсерлі әңгімеледі. Жетістікке жетудің негізгі кілті – үздіксіз еңбек пен білім екендігін жастарға ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда тоқсан жастың төріне шыққан белгілі ғалым, туған жерінің «Құрметті азаматы» Жүзбай атамызға мекеме басшысы Айпар Амангельдиева мерекелік құттықтау тілегін айтып, сый-сияпат жасады.
🎥«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты деректі фильмі көрсетілді. 🔹Архив қызметкерлерінің «Синий платочек» әні мен биі, «Ана туралы баллада» әні соғыс жылдарындағы ерлік пен төзімді әсерлі жеткізді.