#АРХИВ ТЫНЫСЫ
# Практикалық-әдістемелік семинар
🔶2026 жылы 22 сәуірде Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің мамандары «Қалалық перинаталдық орталығы» мекемесінің базасында медицина саласындағы жауапты мамандарға «Ведомстволық архив ісі» тақырыбында практикалық-әдістемелік семинар өткізді.
🔶Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б.Шыңғысбекова «Істерді ведомстволық сақтауға қабылдау тәртібі, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында баяндады. Қалалық перинаталдық орталықтың архивисі Ж.Абдираимова құрылымдық бөлімдерден құжаттарды қабылдау, тізімдеме жасау, ведомстволық архивтің жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
🔶Нәтижесінде ұсынылған «Архив бізге аманат» челленджі медицина мекемелеріне жолданды.
KZ