Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің маманы М. Умбетова 2026 жылғы 30 наурызда «Аэропорт Шымкент» АҚ қызметкерлеріне «Іс жүргізу және архив ісі» тақырыбында өндірістік оқу өткізілді.
Өндірістік оқу барысында аталған мекеменің архив ісіне жауапты мамандарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті бекіткен Үлгілік қағидалар негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
• Істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру және ресімдеу;
• сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
• құжаттарды ведомстволық архивке өткізу тәртібі;
• құжаттарды қабылдау, сақтау және есепке алу ережелері;
• тізімдеме жасау;
• тарихи анықтама құрастыру;
• сақтау мерзімі өткен құжаттарға жою актісін рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, ведомстволық архив қызметкерлерімен жұмыс барысында туындаған мәселелер талқыланып, практикалық көмек көрсетілді.
KZ


