#АРХИВ ТЫНЫСЫ
“Архив және болашақ ұрпақ” жобасы
🔹Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен “Архив және болашақ ұрпақ” жобасы аясында 2026 жылы 30 наурызда қалалық архив қызметкерлері Шымкент қаласының білім басқармасының “Энергетика және байланыс колледжінің” студенттеріне тарихымыздың құндылықтарын жинақтап, сақтап, толықтырып отырған архив мекемесінің маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі туралы мәлімет берді.
🔹Студенттерге тарихтың ауыр кезеңін баяндайтын ашаршылық туралы деректі бейнеролик көрсетіліп, архив құжаттарының цифрлы таңбаға көшірілу барысымен, елімізге танымал тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде жасақталған көрмемен танысты.
KZ







