АРХИВ_ТЫНЫСЫ
«Е-Архив» АЖ
«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің маманы А.Жақсыбаева
2026 жылғы 26 наурызда «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві»
(«Е-Архив») ақпараттық жүйесі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ-нің жауапты маманына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында жүйенің модульдерімен жұмыс істеу тәртібі көрсетілді.
Сонымен қатар мекеменің 2019–2021 жылдардағы электрондық құжат айналымы жүйесіндегі тиісті модулге жүктеп, миграциялау және миграцияланған электронды құжаттардың тізімдемесін жасау,сондай-ақ сақтау мерзімі аяқталған құжаттарды жою тәртібі бойынша практикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
KZ
