21 НАУРЫЗ КҮНІ МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТКЕ ШАҚЫРАМЫЗ
Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
21 наурыз күні қаламыздағы алты ірі алаң мен саябақтарда бір мезетте Ұлыстың ұлы күніне орай жаппай мерекелік іс-шаралар өтеді:
✨ концерттік бағдарламалар
✨ қолөнер шеберлерінің көрмелері
✨ ұлттық спорт сайыстары
✨ дәстүрлі тағамдар фестивалі ұйымдастырылады.
Сағат 11:00-де Астана алаңында театрландырылған қойылым көрсетіліп, жергілікті өнерпаздар мен танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова қатысатын мерекелік концерт өтеді.
Сонымен қатар, роботтехника көрмесі, интерактивті пианино, қазақтың көшпелі өркениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын VR ойын алаңшалары ашылып, цифрлық киіз үй тігіледі.
Ал кешкі сағат 19:00-де Астана алаңында жергілікті өнер жұлдыздары және хедлайнерлер – TURAR мен Kalifarniya қатысатын гала-концерт болады.
🎆 Мерекелік кеш эксклюзивті отшашумен қорытындыланады.
Толық ақпарат – https://nauryzshymkent.onrender.com/ сайтында.
KZ