«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың 19 наурызында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге «Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің» мамандары және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы және оған қарасты аудандық бөлімдердің жауапты мамандары қатысты.
Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архив ісі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына» сәйкес өтініш орындау барысындағы негізгі мәселелер кеңінен талқыланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту жолдары қарастырылды.
KZ




