Skip to content

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның…

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа Ата заң жобасын талқылау ашық және сындарлы түрде өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, диалогқа сарапшылар ғана емес, қарапайым азаматтар да қосылды, өйткені мәселе жай заңи құжат жайлы емес, елдің даму бағытын ондаған жылдарға айқындайтын Ата Заң жайында.
Ол жаңа Конституция жобасында адами капитал, ғылым, инновация, шығармашылық еркіндігі және цифрлық қауіпсіздік сияқты болашаққа қатысты тақырыптар көбірек қозғалып жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, құжатта болашаққа бағдарлану тұрғысынан ерекше маңызды үш негізгі басымдықты бөліп қарауға болады.
Бірінші мәселе мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтарын Преамбулада бекітуге, сондай-ақ адами капиталды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде тануға байланысты.
«Мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын преамбулада бекіту, сондай-ақ адами капиталды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде тану ұлттың жаңа сапасы мен ақылды экономиканы дамытудың конституциялық негізін құрайды», – деді ол.
Екінші маңызды мәселе – ғылым мен инновацияны дамыту жаңа типтегі адамдарсыз, яғни, тек білім жиынтығы бар мамандар емес, сыни тұрғыдан ойлауға, жаңаны жасауға және өз жұмысының нәтижелерін қорғауға қабілетті азаматтарсыз мүмкін еместігінде. Конституция жобасында – бұл орта және жоғары білім алу құқығының, сөз бостандығының, ғылыми және шығармашылық көріністің, сондай-ақ зияткерлік еңбекті қорғаудың кепілдіктерін қамтитын жеке тұлғаны дамытудың тұтас траекториясы ретінде көрінеді.
Бұл нормалар, оның пікірінше, Қазақстан шетелде оқитын студенттер саны бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіруі аясында ерекше маңызға ие болып келеді. Алайда білім берудің ұтқырлығы емес, мемлекеттің олардың әлеуетін ел ішінде іске асыру үшін жағдай жасау қабілеті маңызды.
Ол назар аударған үшінші мәселе жаңа ұрпаққа қатысты. Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, Қазақстанда қазір демографиялық өсім байқалуда, ел халқының 30%-дан астамын балалар мен жастар құра