АРХИВ_ТЫНЫСЫ
«Е-Архив»
«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б. Шыңғысбекова
2026 жылғы 13 ақпанда «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві»
(«Е-Архив») ақпараттық жүйесі бойынша «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» ММ-нің жауапты маманына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында жүйенің модульдерімен жұмыс істеу тәртібі көрсетілді.
Сонымен қатар мекеменің 2019–2020 жылдардағы электрондық құжат айналымы жүйесіндегі тиісті модулге жүктеп, миграциялау және миграцияланған электронды құжаттардың тізімдемесін жасау,сондай-ақ сақтау мерзімі аяқталған құжаттарды жою тәртібі бойынша практикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
KZ

