Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА АРБАТ АЛАҢЫНДА КІТАП ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ…

ШЫМКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА АРБАТ АЛАҢЫНДА КІТАП ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
Шымкент қаласында референдум аясында Арбат алаңында кітап көрмелері мен қолөнер шеберлерінің, сондай-ақ баспа үйлерінің көрме-жәрмеңкелері өтуде.
Алаңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілік назарына қойылды. Шеберлер өздерінің ерекше туындыларын таныстырып, келушілерге қазақтың дәстүрлі өнерін жақыннан көруге мүмкіндік беруде.
Айта кетейік, жәрмеңке қала тұрғындары мен қонақтары үшін кешке дейін жалғасады. Баршаңызды Арбат алаңына келіп, рухани әрі мәдени шараға куә болуға шақырамыз!