Skip to content

Архив ісі мен іс жүргізу: Мамандардың біліктілігін арттыру семинары өтті…

Архив ісі мен іс жүргізу: Мамандардың біліктілігін арттыру семинары өтті

🗓 2026 жылдың 10 ақпанында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде қалалық мекемелердің іс жүргізуге жауапты мамандарына арналған «Іс жүргізу және архив ісі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинарға қалалық сот, прокуратура, департаменттер, басқармалар және спорт басқармасына қарасты мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.

📌 Жиын барысында:
🔹 Ұлттық архив қорын толықтыру, мекемелердегі құжат айналымы мен архив ісінің бүгінгі жай-күйіне талдау жасалды.
🔹 «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң талаптары және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді .

Сонымен қатар «Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісті.

✅ Семинарда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен Үлгілік қағидалар негізінде істер номенклатурасын түзу, құжаттарды ресімдеу және сараптау комиссиясының жұмысы да талқыланды.
Семинарлар жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

#ШымкентАрхив #ІсЖүргізу #АрхивІсі #Семинар2026 #МемлекеттікТіл БіліктілікАрттыру