Skip to content

# АРХИВ ТЫНЫСЫ # Біліктілікті арттыру ⚜️2026 жылдың 11-13 ақпан…

# АРХИВ ТЫНЫСЫ
# Біліктілікті арттыру

⚜️2026 жылдың 11-13 ақпан күндері Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» мен Орталық мемлекеттік архив базасында реставратор мамандардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында, «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету» бөлімінің архивистері Д.Мырзашова мен А.Есимбекова тағылымдамадан өтуде.
⚜️Оқу барысында Ресей мемлекетінің білікті маманы архив құжаттарын сақтау, қалпына келтіру (реставрациялау), арнайы реставрациялық материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану тәртібі, сондай-ақ құжаттарды сақтаудың заманауи технологияларын қолдану мәселелері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар жүргізуде.
⚜️Мұндай біліктілікті арттыру архив саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби деңгейін жоғарылатып, архив құжаттарын сақталуын қамтамасыз ету сапасын және қалпына келтірудің заманауи әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.