# АРХИВ ТЫНЫСЫ
Конституция – Қазақстанның тұрақты дамуының құқықтық кепілі
⚜️2026 жылы 12 ақпанда Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғалым-тарихшылар, БАҚ өкілдері және Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау мақсатында «Конституция – Қазақстанның тұрақты дамуының құқықтық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру.
⚜️Жиында Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Б.Ә. Есқараев «Қазақстан Республикасының Конституциясы және архив саласының дамуы» атты баяндама жасады:
⚜️Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің құқықтық, саяси және рухани негізін айқындайтын басты құжат. Ата Заң еліміздің барлық саласының жүйелі дамуына берік негіз қалады. Архив құжаттары – ұлттық тарихи мұраның ажырамас бөлігі.
⚜️Конституциялық қағидаттарды іске асыру мақсатында архив жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Шетел архивтерінде сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды іздестіру және ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жүргізілді.
⚜️Қазіргі кезеңде архив саласының басты бағыттарының бірі – цифрландыру. Құжаттарды электрондық форматқа көшіру олардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың ақпарат алу мүмкіндігін кеңейтеді.
⚜️Архивтер ғылыми-зерттеу орталығы ретінде де маңызды рөл атқарады. Тәуелсіздік жылдары саяси қуғын-сүргін, ашаршылық, ұлттық мемлекет қалыптасуы кезеңдеріне қатысты құжаттар зерттеліп, жарияланды.
⚜️Конституция архив саласының дамуына бірнеше бағытта негіз болды:
– архив қорларын ұлттық құндылық ретінде қорғауға құқықтық кепілдік берді;
– азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етті;
– тарихи жадыны сақтауға институционалдық негіз қалады;
⚜️Қазақстан Республикасының Конституциясы архив саласының дамуына берік құқықтық тірек болды. Архив – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Конституция – сол көпірдің мызғымас тұғыры.
KZ


