# АРХИВ ТЫНЫСЫ
# Біліктілікті арттыру
⚜️2026 жылдың 11-13 ақпан күндері Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Реставрация және консервация орталығында реставратор мамандардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында, «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету» бөлімінің архивистері Д.Мырзашова мен А.Есимбекова тағылымдамадан өтті.
⚜️Оқу барысында Ресей мемлекетінің білікті маманы И.В. Костин архив құжаттарын сақтау, қалпына келтіру (реставрациялау), арнайы реставрациялық материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану тәртібі, сондай-ақ құжаттарды сақтаудың заманауи технологияларын қолдану мәселелері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар жүргізді. Нәтижесінде архив мамандарына Сертификат табысталды.
KZ