Архив ісі мен іс жүргізу: Мамандардың біліктілігін арттыру семинары өтті
🗓 2026 жылдың 13 ақпан Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде қалалық мекемелердің іс жүргізуге жауапты мамандарына арналған «Іс жүргізу және архив ісі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бойынша департаменті және оған қарасты мекемелер, Шымкент қаласы әкімінің аппаратына қарасты басқармалар мен қала аумағындағы департаменттер, көлік және байланыс саласының мекемелері, ҚР Ұлттық банкінің Шымкент филиалы, Шымкент қаласы мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасы оған қарасты мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
📌 Жиын барысында:
🔹 Мекеме басшысының орынбасары Б. Есқараев семинардың негізгі мақсатын түсіндірді.
🔹 Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б. Шыңғысбекова мекемелердегі құжат айналымы мен архив ісінің бүгінгі жай-күйіне талдау жасады.
🔹 Ж. Кукебаева «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң талаптарын түсіндірсе, А. Абдрасилова құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі туралы баяндады.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының маманы А.Жұмаева «Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісті.
✅ Семинарда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен Үлгілік қағидалар негізінде істер номенклатурасын түзу, құжаттарды ресімдеу және сараптау комиссиясының жұмысы кеңінен талқыланды.
Қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, өзара тәжірибе алмасты
KZ





