Skip to content

Айдарбек Қожаназаров: Еліміз үлкен өзгерістер кезеңіне қадам басты «Әділетті және…

Айдарбек Қожаназаров: Еліміз үлкен өзгерістер кезеңіне қадам басты

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров республикалық референдумға ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы Қазақстандағы экономикалық жаңғырту мен цифрлық трансформацияны құқықтық негізде бекітіп, биліктің халық алдындағы есептілігін күшейтетінін мәлімдеді.

Депутаттың сөзінше, Ата заңның жаңа жобасын бекіту қоғамның әділдік пен заманауи басқару жүйесіне деген сұранысына берілген нақты жауап. Ол реформалардың бағыты түсінікті әрі анық екенін атап өтті.