Skip to content

«Жаңа Конституция қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық және саяси аспектілерін толық…

«Жаңа Конституция қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық және саяси аспектілерін толық қамтыды»

Жаңа Конституция жобасы елдегі саяси жаңғырудың заңды жалғасы әрі әлеуметтік әділет қағидаттарын нақтылай түсетін құжат. Бұл туралы «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаев «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді.

Ол жаңа Конституцияны әзірлеу барысында өңірлерден, әсіресе ауыл-аймақтардан түскен ұсыныстар кеңінен ескерілгенін атап өтті. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іс жүзінде жүзеге асып отырғанын көрсетеді.

Депутаттың айтуынша, жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесіне ерекше мән берілген. Бұл мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігін арттырады.