Skip to content

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 🏛 Сіздерді 2 наурыз,…

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

🏛 Сіздерді 2 наурыз, сағат 11:00-де көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Әлия Юсупованың «ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТҚАН ДАҢҚТЫ ГИМНАСТ» атты кездесуіне және жеке қорын салтанатты қабылдау шарасына шақырамыз 🙌🏻

Іс-шара аясында спорт саңлағы пайдаланған жеке заттар мен маңызды архивтік құжаттар негізінде жасалған арнайы көрме ұсынылады. Сондай-ақ, кеште жас гимнастшылардың өнері мен мерекелік бағдарлама күтеді.
Баршаңызды асыға күтеміз 😊✨

📍 Өтетін орны: Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ғимараты
#алияюсупова