#АРХИВ ТЫНЫСЫ
«Әлем мойындаған қазақ қызы» іс-шарасы
⚜️2026 жылы 2 наурызда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде мекеме жоспарына сәйкес «Әлем мойындаған қазақ қызы» атты іс-шара өтті.
⚜️Спорт саласында үлкен жетістіктерге жетіп, халықтың құрметіне ие болған спорт саңлағы, қалалық мемлекеттік архивтің жеке тектік қор құрушысы, көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының және Азия ойындарының Абсолютті чемпионы, Афинада және Пекинде өткен жазғы Олимпиадаларында ел намысын қорғаған, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шымкент қаласының №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, «Әлем деңгейіндегі гимнастшы», ҚР «Ұлттық Олимпиадалық комитетінің», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы», «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» – Юсупова Алия Махсутқызының спорттағы дара жолын көпшілікке, жастарға үлгі етіп насихаттау, архивтік құжаттарын жарыққа шығару, қазақ әйелінің қоғамдағы рөлін дәріптеу, архивтің имиджін арттыру мақсатында өткен іс-шараға жоғарғы оқу орнының «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің білім алушылары, спорт саласының мамандары, Шымкент қаласының Құрметті азаматтары қатысты. Жеке тектік құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданып, көрме ұйымдастырылып, қор иесі куәлігі табысталды.
⚜️Мерекелік шарада Шымкент қаласының №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гимнастшылары, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының» өнерпаздары өнерлерін көрсетті.
KZ