⚜️ 2026 жылғы 2 наурызда Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде даңқты гимнаст, Азияның абсолютті чемпионы Әлия Юсупованың спорттық жолына арналған көрме ашылды. Шараға спорт саңлағы арнайы қатысып, өзінің жеке тектік қорының тұсауын кесті.
🏛️ Экспозицияға чемпионның еңбек жолын айқындайтын мұрағаттық құжаттар, тарихи фотосуреттер мен марапаттары қойылған.
⭐️ Көрме аясында Әлия Махсұтқызы жастармен кездесіп, үлкен спорттың қыр-сырымен бөлісті. Ол биік белесті бағындыру үшін табандылық пен үздіксіз еңбек қажет екенін ерекше атап өтті.
🇰🇿 Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, басқарма мен архив басшылары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл – ұлт мақтанышының мұрасын келер ұрпаққа дәріптеп, патриоттық рухта тәрбиелейтін маңызды шара.
📌 Көрме Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ғимаратында жалғасады.
#Шымкент #ШымкентАрхив #ӘлияЮсупова #КөркемГимнастика #тарих
KZ