Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ #1 наурыз – Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
#1 наурыз – Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні

2026 жылы 2 наурызда Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күніне орай, 2026 жылға арналған мекеменің жоспары негізінде Шымкент қалалық мемлекеттік архив ұжымына «Психикалық денсаулық орталығының» дәрігер-наркологы Сланбеков Марат Шарафиевич адамға зиянды әдеттердің тигізер залалы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Зиянды әдеттер: арақ ішу, темекі шегу, есірткіге тәуелділік, энергетикалық сусындарды шамадан тыс қолдану адамның жүрегіне салмақ түсіріп, жүйке жүйесін зақымдайды, өкпеге, бауырға зиян келтіріп, тәуелділік туғызады. Осы және өзге де жағдайлардан аулақ болып, қауіпсіздік шараларының сақталуы керек екендігі түсіндірілді.