Skip to content
Главная страница » Цифрлы архив

Цифрлы архив

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялау арқылы мемлекеттік салаларда жаңа технологияларды кеңінен енгізуді тапсырды. Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің «Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімі»  цифрландыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. 

Архивтердегі цифрландырудың негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік сақтаудағы архив құжаттары сканерленіп, цифрлық форматқа көшірілуде.
  • Құжаттарды сақтау және пайдалануды жеңілдету үшін «Е-архив»  ақпараттық жүйесі енгізілуде. 
  • Тұрақты сақталатын құжаттар және жиі сұранысқа ие құжаттар бірінші кезекте цифрландырылып, олардың электрондық көшірмелері жасалуда.
  • Цифрландыру нәтижесінде архив құжаттарына онлайн қол жеткізу мүмкіндігі артып, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жылдам, әрі тиімді бола түсуде. 
  • Архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру ғаламтор желісін пайдаланатын қалың жұртшылыққа қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.