Skip to content

#8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 🌹Қымбатты аналар, арулар! 🌹Жылдың…

#8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

🌹Қымбатты аналар, арулар!

🌹Жылдың ең аяулы, шуақты да жарқын 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Себебі, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесі баршаңызға керемет көңіл-күй сыйласын. 🌹Шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Сіздердің әр күндеріңізге сәттілік, зор денсаулық, еңбекте табыс және бақыт тілейміз. Мереке құтты болсын!

🌹Ізгі тілекпен: Шымкент қалалық мемлекеттік архив ұжымы