«25 ЖЫЛДЫҚ МҰРА: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ»
💠 2026 жылғы 15 қазанда Шымкент қаласында өткен күннің ащы сабағы мен тарихи әділдікті ұлықтаған ауқымды шара өтті! Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толды.
📚 Осы айтулы мерейтойға орай Шымкент қалалық музейлер бірлестігі МКҚК «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі» бөлімінің ұйымдастыруымен «25 жылдық мұра: тарих және тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
🔹 Конференция барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ширек ғасырлық тарихында атқарған мәдени-ағартушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына баға беріліп, сондай-ақ осы бағыттағы өзекті мәселелері талқыланды.
🔹 Конференцияға Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, тарихшы ғалымдар, архив және музей қызметкерлері, солардың қатарында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы С.Аскарова қатысты.
📚 Конференция аясында қонақтар назарына музейдің бай қоры мен тарихынан сыр шертетін арнайы көрме ұсынылды.
🔹 Өткенді құрметтеу – болашақтың кепілі. Тарихымыз түгенделіп, есімдері еленген бабалар рухы асқақтай берсін!
#25ЖылдықМұра #ТарихЖәнеТағылым
#СаясиҚуғынСүргін #Архив
#Музей #ҒылымиКонференция
KZ




