#25 қазан – Республика күні🇰🇿
#Құрметті марапат – еселі еңбектің жемісі!
🇰🇿2026 жылы 23 қазанда «Қызғалдақ» сарайында Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
🔹Мерекелік шара барысында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметші қызметінде аянбай еңбек етіп, өңірдегі архив ісін дамытуға өз үлесін қосып, жұмыс барысында жауапкершілік пен жоғары кәсібилік танытқан «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ директорының орынбасары Бастар Әуелханұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
🔹Бастар Әуелханұлы марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз еселеніп, беделіңіз арта берсін!💐

KZ

