Skip to content

#22 желтоқсан – Архившілер күні ⚜️Құрметті архив саласының қызметкерлері! Сіздерді…

#22 желтоқсан – Архившілер күні

⚜️Құрметті архив саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Архившілер күнімен құттықтаймыз!
⚜️Құжаттардың әр бетінде ел тарихы, халық тағдыры жатқанын терең сезініп, өз істеріңізге адал қызмет етіп келесіздер. Төзімділік пен ұқыптылықты, білім мен жауапкершілікті талап ететін бұл саладағы еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Еліміздің мұрасы, баға жетпес қазынасын сақтап, өңдеп, ұлттық тарихи қорды толықтыру бағытында қажырлы еңбек етіп, архив ісін дамытып, әріптестік қарым – қатынасты, ынтымақтастықты тереңдетіп, өңіріміздің тарихына қатысты архив құжаттарын кеңінен танытуға қосқан үлестеріңіз ерекше.
⚜️Сіздерге бар жақсылықты тілей отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз. Архив ісі дамып, беделі арта берсін!
💞Ізгі тілекпен: Шымкент қалалық мемлекеттік архив ұжымы