⚜️2026 жылғы 10 ақпанында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жинақтау көзі тізіміне енгізілген мекемелерінің іс жүргізу мен архив ісіне жауапты мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің мамандары Шымкент қаласының сот, прокуратура, департаменттер, басқармалар және спорт басқармасына қарасты мекемелердің жауапты кадр,есеп жүргізуші қызметкерлеріне «Іс жүргізу және архив ісі» туралы әдістемелік семинар өткізді.
⚜️Мекеме басшысының орынбасары Б. Есқараев әдістемелік семинардың мақсаты жайында айтып өтті
Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б. Шыңғысбекова жинақтау дереккөздері тізіміндегі мекемелерге құжат айналымы, архив ісінің жай-күйі бойынша талдама жасады. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңының» талаптары туралы Ж. Кукебаева, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару, құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі туралы А. Абдрасилова баяндама жасады. Семинарға қатысушыларға іс жүргізу және архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және оларды пайдалану мекемедегі құжат айналымы, мәдениет және ақпарат министрлігінің бекіткен Үлгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, істер номенклатурасына сәйкес істерді қалыптастыру, ресімдеу, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру ережесі және талаптары кеңінен түсіндірілді.
⚜️Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы директорың м.а Г.Қалдыбаева «Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу» тақырыбында баяндама жасады.
Іс жүргізу бойынша мамандардың туындаған сұрақтарына жауап беріліп, қорытындыланды.
https://www.instagram.com/p/DUk7fIaAuq0/?img_index=1&igsh=NXpyOGJnbWV5bHdq
https://www.instagram.com/p/DUk-qcVAjNa/?img_index=3&igsh=MWVzeGtlNW03dTA4NQ==
KZ







