⚜️2026 жылдың 14 қаңтарында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының №16 гиамнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасқспірімдер спорт мектебі" КММ-де Шымкент қалалық мемлекеттік архиві Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің архивисті "Іс жүргізумен архив ісі" тақырыбында өндірістік оқу өткізілді.
⚜️Өндірістік оқуға жоғарыда аталған мекеменің архив ісін үйлестіру бойынша жауапты мамандарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бекіткен Үлгілік қағадаларын басшылыққа ала отырып,істер номенклатурасына сәйкес істерді қалыптастыру, ресімдеу, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мекеменің ведомстволық архивіне өткізу тәртібі, қабылдауы, сақтауы, оның ережесі, тізімдеме тұзу, тарихи анықтама құру, мерзімі өткен құжаттарға жою актісін жасау тәртібі туралы тұсіндірілді. Ведомстволық архив қызметкерлерімен жұмыс барысында туындаған мәселелерін талқылап, практикалық көмек көрсетті.
KZ

